Таразда еркін күрестен халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда еркін күрестен халықаралық турнир өтеді

24.07.2014
Таразда еркін күрестен халықаралық турнир өтеді

Таразда Дінмұхамед  Қонаевты еске алуға арналған  Халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. 26 шілде күні басталатын сайыста Нигерия,  Ресей және Грузияның мықты палуандары сынға түседі. 

Осымен 8 жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байрақты бәсеке жыл өткен сайын қарқын алуда. Мәселен, өткен жылы 8 команда сынға түссе, биыл 10 мемлекеттің спортшылары бозкілемге шықпақ.

8 салмақ дәрежесінде өрбитін бәсекенің жүлде қоры да қомақты.  Айтулы додаға  еліміздің құрамасы да сақадай сай. Нағыз тәжірибелі палуандар ел намысын қорғамақ. Олардың арасында өткен жылы осы тунирде алтын медальді иеленген, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері – Ақжүрек Таңатаров та бар.

Әлімбек Жұмабаев, ұйымдастыру алқасының төрағасы:

Біздің ортамызда еркін күресті ұнататын азаматтар бар. Олар – осы спортқа қатысып жүрген жастар. Бізге келіп жатқан Әлем чемпиондары, Олимпиада жеңімпаздары, жүлдегерлері  оларға қызық. Теледидардан көргеннен, бір залда отыру – олар үшін арман деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу