Бекболат Тілеуханов – «Елім менің»
Әні: Бекболат Тілеуханов, сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің!
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім,
Бостандық еді-ау асыл арманың.
Қайырмасы:
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың-ей,
Берік болсын-оу босағаң!
Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке-бірлік - қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!
Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің!
Қайырмасы:
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін!
Берекең мен бірлігің-ей,
Таси берсін-оу өрісің!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда 21 мыңнан астам бала аутизммен тіркеуде тұр
02.04.2026, 13:15
Шымкенттік жастар 80 түп көшет екті
02.04.2026, 13:14
Жамбыл облысында ардагерлер саябағын тазалады
02.04.2026, 13:12
Оралда санитариялық-экологиялық айлығы жарияланды
02.04.2026, 13:10
Халық саны 20 миллион 500 мыңнан асты
02.04.2026, 13:08
Ақтауда аяғы ауыр әйелдерді алдаған есепші сотталды
02.04.2026, 13:06
Трамп Таяу Шығыстағы соғысқа қатысты үндеу жасады
02.04.2026, 13:04
Қазақстан мен Перу сотталған адамдарды экстрадициялайтын болды
02.04.2026, 13:02