Оралда санитариялық-экологиялық айлығы жарияланды
Оралда 4 сәуірден 30 мамырға дейін санитариялық-экологиялық айлығы жарияланды. Қалада қазірдің өзінде тазалық жұмысы басталып кетті. Бірнеше сенбілік ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар, аялдама мен арықтар көң-қоқыс, шаң-тозаңнан арылды. Айлық аясында рұқсат етілмеген қоқыс орындары мен стихиялық қоқыс үйінділері, демалыс орындары мен гараж кооперативтері аумағы кезең-кезеңімен тазартылып, бақылауға алынады. Екі жыл бұрынғы алапат су тасқынынан кейін бос қалған саяжайлардағы иесіз қалған тұрмыстық қалдық, құрылыс материалдарын ретке келтіріледі. Шаһар 20 учаскеге бөлініп, әр аумаққа жауапты мекемелер бекітілген. Сондай-ақ «Таза жағалау» аясында үш өзеннің аумағы тазартылады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17