Қазақстан мен Перу сотталған адамдарды экстрадициялайтын болды
Қазақстан шет елдермен құқықтық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Бүгін Сенат Перумен қылмыстық істер бойынша бірнеше келісімді ратификациялады. Бұл келісімдер қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсетуге бағытталған. Атап айтқанда, екі елдің құқық қорғау органдары ақпарат алмасады, бір-бірінеқылмыскерлерді ұстап беруге көмектеседі және сотталған адамдарды өз еліне қайтару рәсімдерін жүзеге асырады. Алайда бұл үшін бірқатар шарт бар: қылмыскердің әрекеті екі елде де заңға қайшы деп танылуы керек, жаза мерзімі кемінде 6 ай болуы тиіс және екі тараптың келісімі қажет. Мұндай келісімдер трансұлттық қылмыспен күресті күшейтуге және қылмыскерлердің жазадан жалтаруына жол бермеуге бағытталған.
Жанна Асанова,
Сенат депутаты:
Заңның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды олардың әлеуметтік реинтеграциясына жәрдемдесу мақсатында өздерінің азаматтығы бойынша тиесілі мемлекетте жазасын одан әрі өтеу үшін беруге құқықтық негіз құру. Шартқа сәйкес Тараптар белгіленген жазаны екінші Тараптың аумағында өтеу үшін сотталған адамдарды беру саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруға міндеттенеді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04