Каратэ-до шиторюдан ҚР чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэ-до шиторюдан ҚР чемпионаты аяқталды

01.04.2014
Каратэ-до шиторюдан ҚР чемпионаты аяқталды
Астанада каратэ-до шиторюдан 10-шы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған сайыста 500 спортшы жекелей және командалық жарыста сынға түсті.
 
Нәтижесінде өз салмақ дәрежелерінде Нұржан Ақпанбет, Әділет Үсенбаев, Мұрат Ертаев, Бақтияр Тілеубай, Нұрбек Нұрболдыұлы және Алдияр Мелдехановтар татамиде барын салып алтыннан алқа тақты.
 
Алдияр Темірханов, каратэ-до шиторюдан ҚР чемпионатының жеңімпазы:
Финалға дейін үш қарсыласымды жеңдім. Ақтық сында бірге жаттығып жүрген әріптесіммен шығып, 6:1 есебімен жеңдім.
 
 
Рүстем  БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу