Каратэ-додан ел чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэ-додан ел чемпионаты аяқталды

17.03.2014
Каратэ-додан ел чемпионаты аяқталды

Каратэ-до спортынан ел чемпионатының жеңімпаздары Шымкент татамиінде анықталды. Жарыс қыркүйек айының 19-шы жұлдызында Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына іріктеудің бір кезеңі  саналады. Сондықтан, қатысушылар арасында аянып қалғаны болған жоқ.

 
Екі күнге созылған сайыста 140 спортшы кумитэ және ката бағдарламалары бойынша сынға түсті.
 
Ал жалпыкомандалық есепте маңғыстаулықтар бірінші болса, жергілікті команда күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті Жамбыл облысының каратэшілері түйіндеді.
Спарринг жекпе-жегінде ерлер 6 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасып, мамандардың болжауы бойынша   Марат Жаңбыр, Медеу Райымқұлов, Халид Халидов, Игорь Чихмарев, Андрей Ақтауов, Ермек Айназаров, Ринат Сағандықов және Дархан Асадилов өз мықтылықтарын байқата білді.
 
Ринат Сағандықов, каратэ-додан ҚР чемпионатының жеңімпазы:
Бұл жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болғандықтан, Қазақстан чемпионатына жан-жақты дайындалдым. Қарсыласым жақсы таныс. Сондықтан, оның қателігін пайдаланып жеңіске жеттім. Енді өзге де жауапты сындарға дайындалатын боламыз.

Хабарламаларға жазылу