Кекушинкай-каратэден Әлем чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кекушинкай-каратэден Әлем чемпионаты аяқталды

26.03.2014
Кекушинкай-каратэден Әлем чемпионаты аяқталды

Ақтауда кекушинкай-каратэден жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты аяқталды. Жарысқа 10 елден 120 спортшы жас шамасына қарай екі топқа бөлініп, ең мықтыны анықтады.

 
Екі күн бойы өткен тартысты бәсекелердің нәтижесі бойынша Жапониядан келген спортшылар жеңістің ең биік сатысына 5 рет көтерілді. Ал Қазақстан құрамасының жетістігіне келетін болсақ, жерлестеріміздің еншісінде 3 алтын медаль.
 
Әліхан Жаппархан, Ернат Темірғали және Анар Сүйіндікова бірінші орынды иеленді. Халықаралық кекушинкай-каратэ федерациясының шешімі бойынша келесі Әлем чемпионаты Ақтау қаласында өтеді.

Хабарламаларға жазылу