Каратэден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды

24.03.2014
Каратэден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды

Алматыда шинкиокушинкай каратэден жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 5 мемлекеттен 38 команда келді. Азия елдерімен қатар Венгрия және Ресей құрамаларының кіл мықтылары жиналды.

 
Мұндай кең көлемдегі жарыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың қорытындысы бойынша 9 алтын, 6 күміс және 12 қола медальді иеленген Берік Қабулов атындағы федерацияның командасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені жеңіп алды.
 
Екінші орында Астана ұжымы болса, үздік үштікті Новосибирскіден келген каратэшілер түйіндеді. Сайыстың мақсаты - Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру.
 
Болат Бақтаев, шинкиокушинкай каратэден Берік Қабулов атындағы федерация президенті:
Жарысқа 500 спортшы қатысты. Бірінші рет Венгрия мен Тәжікстаннан келді. Келесі жылы да дәстүрлі түрде өткіземіз.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу