Гандболдан жасөспірім қыздар арасындағы XIII Азия чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гандболдан жасөспірім қыздар арасындағы XIII Азия чемпионаты басталды

07.08.2015
Гандболдан жасөспірім қыздар арасындағы XIII Азия чемпионаты басталды

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде гандболдан жасөспірім қыздар арасындағы Азия чемпионаты жалауын желбіретті.

13-ші рет өтіп жатқан байрақты бәсекеге Қазақстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Иран, Қытай және Жапония құрамалары қатысуда.

Азия біріншілігінің қорытындысы бойынша алғашқы сатыларға жайғасқан командалар 2016 жылы Ресейде жасөспірімдер арасындағы жаһан біріншілігінде бақ сынайды.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу