Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды

28.07.2014
Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды

Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына жүлде түсті.

Біріншіліктің соңғы күнінде 65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нартай Оразбаев ерледі. Жерлесіміз алғашқы жекпе-жекте жарыс қожайыны Орхан Таги-Заданы 20:8 есебімен, кейін АҚШ өкілі Ричард Чунгты 20:4 нәтижесімен және өзбекстандық Усломон Абдихамовты 21:9 көрсеткішімен жеңді.

Осылайша, әлемдік біріншіліктің финалында бақ сынаған Оразбаев Иран спортшысы Амри Огзен Азармен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Хабарламаларға жазылу