Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешені ашылды

21.03.2014
Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешені ашылды

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанға Еңбегі сіңген жаттықтырушы Болат Тұрлыханов атындағы замануи спорт кешені ашылды. Бұл игілікті іс «Туған жерге тағзым» шарасы аясында іске асып отыр.

 
Мақсат - елге танымал азаматтардың туған ауылға демеушілік жасап, оның дамуына атсалысу. Спорт кешенде бокс, күрес және ойын залдары бар.
 
Орталықтың ашылуына орай Новосібір және жергілікті палуандардың қатысуымен матчтық кездесу өтті.  10 салмақтың алтауында Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіске жетсе, қонақтар 42, 63,76 және 85 келі салмақ дәрежелерінде алтын медаль иеленді.
 
Дәулет Тұрлыханов, FILA бюро мүшесі:
Дені саудың - жаны сау. Жастарға барлық жағдайды жасауымыз керек.
 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу