Жарма ауданының орталығындағы салынған спорт кешенінде 1200-ге жуық бала тәрбиеленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарма ауданының орталығындағы салынған спорт кешенінде 1200-ге жуық бала тәрбиеленеді

13.03.2015
Жарма ауданының орталығындағы салынған спорт кешенінде 1200-ге жуық бала тәрбиеленеді

Шығыс Қазақстандағы Қалбатау ауылында да соңғы жылдары спорттық нәтиже жақсара түскен. Өйткені, елді мекенде екі жылдың ішінде қос бірдей заманауи спорт нысаны бой көтерді.                                                            

Жарма ауданының орталығындағы бұл спорт кешені былтыр ғана қолданысқа берілді. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында қазақ палуаны Дәулет Тұрлыханов салдырған.

Соның арқасында қазір ауыл балаларының дені спортқа ден қойды. Қазір 11 спорт түрі бойынша 1200-ге жуық бала тәрбиеленеді.

Былтыр ғана ашылған спорт кешені, таңның атысы кештің батысы босамайды. Мұнда жұмыс істейтін 40 жаттықтырушы, жас спортшылардың шеберлігін шыңдайды.

Мамандар бір жылдың ішінде-ақ, жарыстардағы нәтиже жақсара түскендігін айтады. Енді бапкерлер ауылдан, еліміздің атын әлемге әйгілі ететін талай мықтының шығатындығына күмән келтірмейді.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу