Жаңа спорт кешені ашылды

11.02.2020

Бұқаралық спорттың өрісін кеңейтуге жасалған қадам. Елордада тағы бір заманауи спорт кешені ашылып, пайдаланылуға берілді. Заманауи құрылғылармен жабдықталған орталықты «Полет-М» құрылыс компаниясы өз қаржысына салған.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан қонақтар жаңа сарай - спорттың дамуына серпін береріне сенім білдірді. Жастарды сергек болуға шақырды.

Орталықтағы бассейнге балаларды 2 айынан бастап апаруға болады. 25 метрлік хауызға ересектер де көп барады. Сондай-ақ мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сабақтар өткізіледі.

Заманауи стандарттарға сай салынған денешынықтыру-сауықтыру орталығы күніне жүздеген адамды қабылдауға қауқарлы. Грек-рим күресі, каратэ, дзюдо үйірмелері де бар. Бастысы, бағасы қолжетімді.

Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтап, әртүрлі спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік беретін жаңа нысан – халықтың спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттыратыны сөзсіз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу