Халықаралық шаңғы жарысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық шаңғы жарысы басталды

10.03.2014
Халықаралық шаңғы жарысы басталды

Бүгін Алматыда Халықаралық шаңғы федерациясының «Күміс Еңлікгүл» атты жарысы жалауын желбіретті. Сайысқа Қазақстан, Украина және Өзбекстаннан 55 спортшы қатысуда. Олар шаңғы тебудің төрт түрі бойынша шеберлік байқасатын болады.

 
 «Шыңбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп жатқан сайыс наурыз айының 14-ші жұлдызында өз мәресіне жетеді. Жарыстың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, жергілікті тұрғындарды спортқа баулу.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу