«Жеңіске бірге жетейік!» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жеңіске бірге жетейік!»

26.05.2014
«Жеңіске бірге жетейік!»
Орал қаласында  балаларға арналған бес әлеуметтік мекеменің тәрбиеленушілері қатысқан  шаңғы жарысы өтті. Осылайша өрендер  Сочи Олимпиадасына аттанған спортшыларымызға тілеулес екендіктерін білдірді.
 
Мүмкіндіктері шектеулі болса да балғындар бар өнерін көрсетіп бақты. 300, 500 және 1000 метрлік қашықтарға жарысып, өзара үздіктерді анықтады.
 
«Шаңғы жарысы  Олимпиада бағдарламасына енген ойын түрі, сондықтан, осы спорт түрінен күш сынасуды ұйғардық», - дейді ұйымдастырушылар.
 
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу