Бүгін Сочиде қазақстандық екі спортшы бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Сочиде қазақстандық екі спортшы бақ сынайды

06.02.2014
Бүгін Сочиде қазақстандық екі спортшы бақ сынайды
Сочиде бүгін жарыстың біліктілік кезеңі басталып  кетті. Қысқы ойындарда ең бірінші  сноубордшылар жарысы басталды. Оны бастаған -  британиялық спортшы Билли Морган.
 
Жалпы,  ақ Олимпиадаға еліміздің құрамасы 58 жолдама ұтты. Оның 14-і шаңғы жарысына болса, 10 спортшы биатлонда бақ сынайды.
 
Ал, конькимен жүгіру, шорт-трек және фристайл мен шана спортында 6 жолдамадан. Тау шаңғысы жарысында 4 спортшымыз бар.  Мәнерлеп сырғанау,  шаңғы қоссайысы мен сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіру спорты бойынша екі спортшыдан жарыс жолына шығады. 
 
Айта кетейік, бүгін екі спортшымыз Дарья Рыбалова мен Юлия Галышева бақтарын сынайтын болады.

Хабарламаларға жазылу