Спортшыларымызға жүлде бұйырмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спортшыларымызға жүлде бұйырмай тұр

23.02.2014
Спортшыларымызға жүлде бұйырмай тұр
Сочиде бүгін әйелдер арасында шаңғышылар масс-старты аяқталды. 30 шақырымдық жарысқа біздің Елена Коломина мен Татьяна Осиповалар қатысты. Жерлестерміз 48 және 51 орыннан көрінді. Қазір биатлоннан ерлер арасындағы бәсеке өтуде. Біздің төрт спортшымыз 30 шақырымда бақтарын сынап көрмек. Ал кеше, яғни Олимпиада ойындарының 14-ші күні жерлестеріміз екі спорт түрі бойынша бақ сынаған болатын. Әйелдер арасындағы биатлонда ел спортшылары 12-орынды қанағат тұтты. Алтын жүлде Украина қыздарында кетті.
 
Ал, шорт-тректен ерлер құрамасы финалдық кезеңде ел үмітін ақтай алмады. Жарыс басында жерлестерімізде керемет мүмкіндік болды. Голландиялық спортшы құлап, қазақстандықтар үшінші орында еді. Бірақ, бұл көрсеткішті жерлестеріміз жарыс соңына дейін ұстап тұра алмады. Бес құрама қатысқан жарыста жерлестеріміз бесінші орынды қанағат тұтты.
 
Абзал Ажғалиев, Шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:
Ең бірінші дайындық жетіспеді, қарсыластарымыз да мықты болды.
 
Денис Никиша, Шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:
Әрине, өте өкінішті. Бірақ біз барымызды салдық. Бұл алғашқы үлкен жарысымыз болғандықтан, көп нәрсе үйрендік, ендігі Олимпиада ойындарында жеңіске жетеміз, деп ойлаймын.
 
Айта кетейік, 22-ші Қысқы Олимпида ойындарына 88 мемлекеттен 2 мың 800 спортшы қатысуда. Осы уақытқа дейін 98 медальдің 92-сі сарапқа салынды. Әзірге жүлде бойынша Норвегия құрамасы топ басында, екінші орында ресейліктер. Үздік үштікте Канада спортшылары.
 
 

Хабарламаларға жазылу