Конькимен жүгірушілер көрсеткіштерін жақсартты
Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Саютин спортшыларға берер қорытынды бағасын мәлім етті.
Ол бұл Олимпиадада конькимен жүгірушілердің барлық жарыстардағы нәтижелері Ванкуверге қарағанда әлдеқайда жақсы дейді.
Бас бапкерді тек Денис Кузиннің медаль ала алмауы ғана қанағаттандырған жоқ. Ол Дениске жеңіске жетуге оның соңғы жұпта жүгіруі де, алғашқы Олимпиадаға қатысуына байланысты толқуы да кедергі болды деп сараптайды.
Вадим Саютин құраманың сапынан өзінің ең жылдам жүгірісін көрсеткен Роман Кречтің нәтижелері қуантқанын айтады. Осыған қоса құрама бапкері Нидерланд елі спорттың бұл түрінен әлемнің көшбасшысы екенін жеткізді.
«Адлер-Аренаға» жиналған қазақ жанкүйерлеріне көп алғыс білдірген Вадим Саютин алда әлі Әлем Кубогының екі кезеңі бар екенін және осы жарыстардан кейін жылдық қорытынды сараптама жасалатынын айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14