Олимпиада алауы өшкенше, жеңіске деген үмітіміз өшпейді – Дәулет Тұрлыханов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада алауы өшкенше, жеңіске деген үмітіміз өшпейді – Дәулет Тұрлыханов

17.02.2014
Олимпиада алауы өшкенше, жеңіске деген үмітіміз өшпейді – Дәулет Тұрлыханов
XXІІ Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Сочидегі Қазақстан Үйінің есігі қазақтың дәстүрімен танысамын деген қонақтар үшін әрдайым ашық. Ұйымдастырушылар ұлттық технология мен ұлттық құндылықтарды бір арнаға тоғыстыра білген.
 
Мұнда келгендерді алғаш болып қарсы алатын – Алмат есімді робот. Кез-келген адамға алдымен ұлттық тағам ұсынылады. Саңлақтарымыздың қатысуымен өтетін жарыстарды тамашалау үшін Қазақстан делегациясы осында жиналады.
 
«Олимпиада алауы өшкенше, жеңіске деген біздің үмітіміз де өшпейді», дейді Олимпиада чемпионы Дәулет Тұрлыханов. 

Хабарламаларға жазылу