Онлайн марафон қонақтары: Референдум - ел тарихында маңызды күн ретінде хатталып қалады
Референдум - ел тарихында маңызды күн ретінде хатталып қалады. «Референдум» онлайн марафонына келген қонақтар осындай пікір білдірді.
Дәулет Тұрлыханов, КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері:
Бүгін қазақ елінде есте қаларлық тарихи күн. Мен өзім қазақ азаматы ретінде еліміздің жарқын болашағына сенемін. Үмітіміз бар жанып тұрған. Сондықтан бәріміз бір болып, қазақ елін гүлдендіріп, көркейтуіміз керек.
Әлия Әбсеметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өзім 6.40-та барып тұрдым, сағат 7.00-де әнұранымызды орындадық та учаскеде өз таңдауымды жасадым. Бұл тек бастауы. Бір күнде, тез бәрі өзгеріп кетпейді. Соған бәріміз бірігіп жұмыс істеп, сонда ғана нәтиже шығады деп есептеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыОралда ақша бопсалаған күдікті ұсталды
16.07.2026, 17:20
Семей орманындағы өртті әлі сөндіріп жатыр
16.07.2026, 17:17
Ресейде бизнес ₽7,5 триллион шығынға ұшырады
16.07.2026, 17:15
Түркияда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салды
16.07.2026, 17:12
Биылғы ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысты
16.07.2026, 17:10
Халықтық Конституция – әділетті қоғам негізі
16.07.2026, 17:07