Олимпиада күнделігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі

16.02.2014
Олимпиада күнделігі
  Тау шаңғы спортының жүлделері үшін таласқа түскен үміткерлер өз бәсекелерін аяқтады. Қазақстандықтар бұл сында жүлделі орындарға іліге алмады. Дмитрий Кошкин 30-шы, Мартин Хубер 40-шы, ал Игорь Закурдаев 44-ші нәтиже көрсетті. Чемпиондық атақты норвегиялық Хьетиль Янсурд жеңіп алды. Екінші орынды иеленген Эндрю Вайбрехт жеңімпаздан 0,3 секунд қана қалып қойды. Қола жүлдені америкалық Боде Миллер мен канадалық Ян Худек өзара бөлісті.
 
Ерлер арасындағы тұғырдан секіру сайысында Польша елінің өкілі Камил Стох Сочи ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Жапониялық Нориаки Касаи күміс жүлдені иеленсе, словениялық Петер Превц қола медальға қол жеткізді. Қазақстандықтар Алексей Пчелинцев пен Марат Жапаров алғашқы іріктеу кезеңінен өтпей қалған еді.
 
Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы эстафетада Швеция құрамасы Сочи ойындарының чемпионы атанды. Жарыс қожайындары - ресейліктер «күміс», франциялықтар қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Қазақстан атынан шыққан Денис Волотка, Сергей Черепанов, Евгений Величко мен Марк Старостин 13-ші орынға ие болды.
 
Марк Старостин, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
Қолымыздан келгенінің барлығын жасадық. Бүгін үздік шаңғышыларымызға демалыс берілді. Өйткені, олар бірнеше күннен кейін спринтерлік эстафетадаға қатысады.
 
Олимпиададағы хоккей жарысында кезекті ойындар өтті. Ресей құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Словакияның хоккейшілерін буллит сериясында ұтты. Осылайша «А» тобында АҚШ 1-ші, ал Ресей 2-ші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.   

Хабарламаларға жазылу