Олимпиада күнделігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі

15.02.2014
Олимпиада күнделігі
Сочидегі Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қазақ спортының тарихында алғаш рет жүлде алған Денис Тен бүгін Сочидегі «Қазақстан үйінде» баспасөз жиынын өткізді.
 
Басқосуда еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау жеделхатын оқып берді.
 
Олимпиада жүлдегері журналистер сұрағына жауап беріп, ендігі байрақты бәсекелерде бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін аянып қалмайтынын айтты. Оған қолдау көрсетіп, сенім білдірген Елбасыға шексіз ризашылығын білдірді. Бұдан кейін оңтүстіккореялық телеарнаға сұхбет беріп, жүлде алғанын мақтанышпен жеткізді.
 
Денис Тен, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері:
Мен өз Отаным үшін жүлде алғаныма шексіз бақыттымын. Көптеген құттықтаулар алып жатырмын. Енді салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Жеңіс тұғырында тұрып, мойныма қола медаль таққан кезде жүлде алғанымды толыққанды сезінетін боламын. Әлі қуаныштан өз-өзіме келе алмай тұрмын.
 
Тастанбек Есентаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы:
Барша қазақстандықтарды осы жеңіспен құттықтаймын. Екіншіден, осы ойындарға қатысқан барлық спортшыларға ризамыз. Фристайлда Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхердке риза болдық. Олар да жүлде алуға лайықты еді. 

Хабарламаларға жазылу