Олимпиада күнделігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі

14.02.2014
Олимпиада күнделігі
Көмбеден 51-ші болып шыққан Алексей Полторанин қазақ елінің үмітін ақтай алмады. Олимпиада чемпионы швейцариялық Дарио Колоньядан 1 минут 13,05 секунд қалып келген Полторанин 9-шы орын алды.
 
Алексей Полторанин, ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:
Өзім де не болғанын білмеймін. Шаңғы жақсы жүріп еді. Қазір аз ғана тынығып, бапкерлермен бірге маған не болғанын, қай жерде қателік жібергенімді талқылаймыз. Басқа ештеңе айта алмаймын.
 
Ал Николай Чеботько 33-ші нәтиже көрсетті. Ол жарыстың қиын болғанын, соңғы жолда шаршап қалғанын айтты. Евгений Величко 34-ші, ал Ердос Ахмадиев 58-ші сатыға тұрақтады.
 
Александр Батяйкин, Шаңғы спортынан ҚР Ұлттық құраманың бас бапкер:
Бүгін Алексейге жұмсақ қар кедергісін келтірді. Бірақ Олимпиада әлі аяқталған жоқ. Сол себептен де жігіттер жүлде үшін күреседі деп сендіргім келеді. Бір күннен кейін эстафеталық жарыс бар. Сол сыннан Полторанин мен Чеботькодан жүлде күтіңіздер.
 
Әйелдер арасындағы 15 шықырымдық жекелей жарысты беларуссиялық Дарья Домрачева Сочи Олимпиадасының екі дүркін чемпионы атанды. Екінші орынды швейцариялық Селина Гаспарин иеленсе, қола медальды тағы бір Беларусь спортшы Надежда Скордино алды. Ал қазақстандық Дарья Усанова 40-шы, Галина Вишневская 41-ші, Елена Хрусталева 47-ші нәтиже көрсетті.
 
Елена Хрусталева, ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:
Үш мәрте қателікке жол бердім. Спортта түрлі жағдай болады. Жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын. Мені қолдап, жарыста күш берді. Оларға алғысым шексіз.
 
Ерлер арасында биатлоннан 20 шақырымдық қашықтықта Ян Савицкий 20-шы, Антон Пантов 27-ші, Сергей Наумик 76-шы, Александр Трифонов 85-ші орынға ие болды. Бұл сайыста франциялық Мертен Фуркад Сочидегі екінші «алтынын» алса, германиялық Эрик Лессер екінші, ресейлік Евгений Гараничев үшінші болып келді.
 
Ян Савицкий, ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:
Таулы аймақ болғандықтан шамам соңына дейін жетей қалды. Ал жалғыз мәрте мүлт кетуімнің себебі психологиялық тұрғыдан өз-өзімді жеңе алмадым.
 
Тау шаңғысының слалом бәсекесінде швейцариялық Сандро Вилеттаға ешкім тең келмеді. Екінші орынды хорватиялық Ивица Костелич алса, қола медальға италиялық Кристоф Иннерхофер иеленді. Ал қазақстандық шаңғышылар Игорь Закурдаев 26-шы, Мартин Хубер 33-ші болып мәре сызығын кесті.

Хабарламаларға жазылу