Алексей Полторанин ел сенімін ақтай алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Полторанин ел сенімін ақтай алмады

14.02.2014
Алексей Полторанин ел сенімін ақтай алмады
  51-ші болып үздіктердің қатарында бәс жолына шыққан Алексей Полтаранин қазақ елінің үмітін ақтай алмады. Үкілеп әкелген екінші спортшымыз жүлде ауылынан шет қалды.  Күннің жылылығы кедергісін келтірді.
 
Жұмсақ қарда жүгіре алмады. Бәлкім бабы келіспеді.  Олимпиада чемпионы щвецариялық Дария Колониядан 1:13:05 секундқа қалып қойған Полторанин 9-орнымен шектелді.
 
Алексей Полторанин Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
Өзім де не болғанын білмеймін,  шаңғы жақсы жүрді. Тек қазір аз ғана тынығып, бапкерлермен бірге маған не болғанын, қай жерде қателік жібергенімізді талқылмаймыз. Басқа ештеңе айта алмаймын.
 
Дәулет Тұрлыханов, Халықаралық күрес федерациясының мүшесі:
Дайындықтарында басқа елдердің спортшыларымен салыстырғанда, айырмашылық көп. Бұл жерде бапкерлердің де кінәсі бар.
 
Ал Николай Чеботько  33-ші  нәтиже көрсетті. Ол да жарыс жолының қиын болғандығын, соңғы айналымда шаршап қалғандығын жеткізді. Ал Евгенй Величко 34-ші, Ердос Ахмадиев 54-ші сатыда. Қалай болғандада біздің жігіттер физикалық тұрғыдан дайын болмады. Ал бас бапкер әлі үмітін үзбейді.
 
Александр Батяйкин, ҚР шаңғы спортынан бас бапкер:
Ие бүгін Алексейге жұмсақ қар кедергісін келтірді. Бірақ, әлі Олимпиада аяқталған жоқ. Сол себептен де жігіттер әлі жүлде жолына жармасады деп сендіргім келеді. Бір күннен кейін эстафеталық жарыс бар, сол сында Полтаранин мен Чеботькодан жүлде күтіңіздер.
 
Жоспарлаған екі  жүлдеден жігіттер шет қалды. Олимпиада тосынсыйлар тарту ететін байрақты бәсеке болғандықтан, 23-ші ақпанды күтеміз.
 
Телжан КҮДЕРОВ

Хабарламаларға жазылу