Рақымғалиев мұзайдынға Плющенконың алдында шығады
|
Сочи Олимпиадасында қазақстандық жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесін асыға күтті. Бұл сайысты көрермен назарына «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынуда.
Бүгінгі қысқа бағдарламада бойынша 30 мәнерлеп сырғанаушы өз қойылымдарын көрсетеді. Бұл сында қазақстандық Абзал Рақымғалиев пен Денис Тенге үміт артылып отыр. Мұзайдынға алдымен Абзал шығады. Ол алтыншы реттік нөмірмен, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Евгений Плющенконың алдында шығып, өнер көрсетеді.
Ал Денис Тен бағдарламаның екінші жартысында бақ сынамақ. Оның реттік нөмірі – 26.
Бүгін қысқа бағдарлама бойынша көшбасшылар анықталады. Спортшылар ертең еркін бағдарламада өз өнерлерін ұсынады.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25
Президент БАӘ делегациясын қабылдады
01.10.2026, 20:23
Президент AI & Digital Bridge 2026 форумында сөз сөйледі
01.10.2026, 20:09