Қазақстан үйі - жанкүйер мекені
Төрт жылда бір рет өтетін үлкен спорт мерекесі жалғасуда. Олимпиада ойындары - мемлекеттер үшін тек спорттағы ғана емес, басқа да саладағы жеңістері мен жетістіктерін бүкіл әлемге паш ету мүмкіндігі.
Бұл ретте EXPO-2017 және Қысқы Универсиада ойындарының қожайыны атанған Қазақстан 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге дайын екендігін көрсетіп жатыр.
Терең тарихы бар қазақтың салт-дәстүрімен танысамын деген Сочи қаласының тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан үйінің есігі айқара ашық. Қонақжайлық - бұл үйдің ерекшелігі. Ұйымдастырушылар ұлттық құндылықты жаңа технологиямен бір арнаға тоғыстыра білген.
Индира Бектенова, тілші:
Қазақстандық үйге келетін әрбір қонақты қарсы алатын Алмат есімді роботпен тілдесуге мүмкіндік туды. Алмат, сәлем! Қазақстан үйіне келген қонаққа қазақтың ұлттық тағамы ұсынылады.
Саңлақтарымыздың қатысуымен өтетін жарыстарды көруге Қазақстан делегациясының мүшелері осында жиналады. Үлкен-кішісі айрандай ұйыған бір отбасының баласындай орындықтарға жайғасып, спортшылардың тілеуін тілейді. Жерлестерімізді қолдау үшін Сочиге шаңғы спортынан Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов арнайы келген.
Владимир Смирнов, шаңғы спортынан Олимпиада чемпионы:
Үмітімізді үзген жоқпыз. Медальді шаңғышылардан күтеміз. Қанша Олимпиаданы көзбен көрдім. Дәл мұндай жоғары деңгейде ұйымдастырылған Қысқы ойындарға бірінші мәрте куә болып отырмын. Қазақстан үйінде өзімді үйдегідей еркін сезінудемін.
Дәулет Тұрлыханов, FILA мүшесі:
Біздің үмітіміз Олимпиада алауы өшкенше өшпейді. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз.
Олимпиада ойындарының 7 жарыс күні артта қалды. Алдағы 10 күннің бірінде қоржынға медаль түсіп, Қазақстанның Туы Сочи жерінде желбірейді, деп сенеміз.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03