Қайрат Биекенов шәкірттерінің сәтсіздігіне өзін кінәлі санайды
|
Шаңғымен тұғырдан секіруден еліміздің атынан шыққан екі спортшымыз, Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев біліктік кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, ақтық жарысқа қатысатын 50-дің сапына кіре алмады.
Марат Жапаров 83 метрге секіріп, 84,9 ұпай, ал Алексей Пчелинцев 85,5 метр көрсеткішімен 89,9 ұпай жинады.
«Жапаровтың осы жарысқа психологиялық тұрғыда дайын болмауының басты себебі, оның лицензияны Олимпиада басталар алдында ғана алуы. Ал, Пчелинцев болса Олимпиадаға дайындық кезінде шаңғысын сындырып алып, жазғы шаңғымен жаттығу жасады. Жаңа шаңғыны Пчелинцев тек біліктілік сындарының алдында ғана алды. Соның өзінде оның көрсеткіші жаман болған жоқ», - деп қорытындылады шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Биекенов «Караван» газетіне берген сұхбатында.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14