Жанкүйерлер Денис Кузиннен жүлде күтеді
Сочи Олимпиадасында жарыстың бесінші күні спорттың алты түрінен жүлделер сарапқа салынады. Тау шаңғысы, конькимен жүгіру, шаңғы қоссайысы, шана спорты, сноуборд және мәнерлеп сырғанау түрлерінен спортшылар жеңіс тұғырына шығуға таласады. Сонымен қатар, ерлер арасында хоккей турнирі басталады.
Қазақстан тек қана бір бағдарламада жарысқа қатысады. Конькимен жүгіруден 1000 метрлік қашықтықта Денис Кузин жүлдеге таласады. Айта кетейік, бұл қашықтықта қазақстандық спортшы 2013 жылы Әлем чемпионы атанды. Сол кезде біріншілік Сочиде өткен еді.
Сонымен қатар, бұл қашықтықта тағы екі спортшы жүгіреді. Олар - Роман Креч және Федор Мезенцев. Креч үшін бұл 2014 жылғы Қысқы ойындардағы екінші жарыс. Бұған дейін ол 500 метрлік қашықтықта жетінші орын иеленді.
1000 метр қашықтықтағы конькимен жүгіру бәсекесі Астана уақытымен 20:00-де басталады. «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир ұсынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25
Президент БАӘ делегациясын қабылдады
01.10.2026, 20:23
Президент AI & Digital Bridge 2026 форумында сөз сөйледі
01.10.2026, 20:09