Креч келесі Олимпиадада жүлдеге таласады – Л.Прокашева
|
«Роман үшін өте қуаныштымын. Ол жақсы нәтиже көрсетті. Конкьимен жүгіруден Олимпиада ойындарында жетінші орын алу – жетістік. Оның үстіне Роман жарақатынан кейін жарысқа қосылды», - дейді Нагано Олимпиадасының қола жүлдегеріЛюдмила Прокашева.
Оның сөзінше, мамандар Роман Кречтің үздік ондыққа енетінін топшылаған. Жаттықтырушылар Олимпиада ойындарының дайындығына барлық жағдайды жасаған. Ол жарақатына байланысты екі ай мұзайдынға шықпаған еді.
«Канадада жаттығу кезінде қатты жарақат алды. Операциядан кейін де көптеген қиындықтар болды. Дегенмен қалпына қайта келіп, қазіргі таңда үздік нәтиже көрсетті. Келесі Олимпиадада дайындық кезеңін жарақатсыз өткізіп, жүлдеге таласа алатынын дәлелдеуі керек», - дейді Олимпиада жүлдегері.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14