Басты Жаңалықтар Әлеуметтік салаға жаңа серпін

Әлеуметтік салаға жаңа серпін

Президент Жолдауында көтерілген бастамалардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсарту. Елдімекендерде медициналық көмек пен балабақшаның қолжетімді болуы, ең төменгі жалақының өсуі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндік жасалуы – қоғам үшін маңызды қадамдар. Мемлекет басшысының оң бастамаларына қатысты алматылықтардың пікірі осыған саяды.

Ауылдық жерлерде емханалар, балабақшалар көбейсе, ол халыққа жақсы деп ойлаймын. Бір жағынан қуаныш сыйлайды, бір жағынан кез келген жерде көмек болады.

Президенттің инклюзивті білімді дамыту идеясын қолдаймын. Себебі, әрбір ерекше бала барлығымен бірдей білім алуы керек. Олар ортаға тез бейімделеді, ата-анаға қуаныш деп ойлаймын.

Ең төменгі жалақының 85 мыңнан 110 мыңға көтерілсе, халықтың әл-ауқаты, жағдайы жақсарып, бұл жақсы жаңалық.  + 01:12 Алда да көтеріле берсе, онда халқымыздың жағдайы бұдан да жақсара түседі деген үміттемін.))

Бөлісу