Басты Жаңалықтар Елде қылмыс 18 пайызға азайды

Елде қылмыс 18 пайызға азайды

Елімізде қылмыс 18 пайызға азайған. Бұған цифрлық технологиялар, бейнебақылау мен интеллектуалды аналитика жүйелерінің енгізілуі себеп. Бұл туралы «Жаңа Халық Конституциясы тұрғысынан заң үстемдігі мен тәртіпті қамтамасыз ету» форумында айтылды. Шарада жастар арасындағы бұзақылық мәселесі де талқыланды. Құқық қорғау органдарының өкілдері студенттермен кездесіп, заң талаптарын түсіндірді. Мамандардың айтуынша, көптеген құқық бұзушылық заңды білмеуден туындайды. Сондықтан жастардың құқықтық сауатын арттырып, жауапкершілігін қалыптастыру маңызды.

Ерлан Сапаев, Асана қаласы, Нұра ауданының прокуроры:

Өздеріңіз білесіздер, Нұра ауданында ең көп құрылыс жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын тексеру үшін жаңадан шыққан дрон жібердік. Құрылыстағы болып жатқан қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы, миграциялық заң талаптарының сақталуы, заңсыз жер қойнауын қазу сынды заңсыз әрекеттерді ауада тіркеп, тікелей ІІД ақпараттық орталықтарына жолдап отырады.

Бөлісу