Халықтық құрылыс өңірлердің дамуына серпін береді
Елдің өркендеуі мен экономикалық қуаты ең алдымен өңірлердің дамуымен өлшенеді. Президенттің биылғы Жолдауында Халықтық құрылыс қарқын алып, жаңа әлеуметтік нысандар, жолдар мен инженерлік желілердің салынатыны айтылды. Бұл халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, аймақтадың экономикалық дамуына тың серпін береді дейді өңір тұрғындары.
Тараз
Жолдауда қарқынды құрылыс жылы тек зәулім-зәулім үйлер немесе басқа нәрселер емес. Бұл біздің жол қатынастары, тағы да еліміздің инфрақұырылымының дамуына үлкен үлес қосады. Сол үшін мен өте қуаныштымын.
Қызылорда
Жалпы халықтың елдің әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық бағыттарда даму басымдықтарына мән бергенін ерекше атап өткім келеді. Соның ішінде «Халықтық құрылыс» бастамасы ерекше бастама деп ойлаймын.
Семей
«Аягөз – Бақты» темір жолының іске қосылатындығы айтылды. Бұл дегеніміз біздің өңір үшін, Абай облысының тұрғындары үшін үлкен, жақсы қуанышты жаңалық. Осы теміржол арқылы Қазақстанға қаншама көрші мемлекетімізден экономикалық тұрғыда даму болмақ. Және біздің өңірімізде, Абай облысында жаңа, тың серпін бермек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы