Басты Жаңалықтар Президент «ҚазМұнайГаз» басшысын қабылдады

Президент «ҚазМұнайГаз» басшысын қабылдады

Президент «ҚазМұнайГаз» басшысын қабылдады. Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов он айда атқарған қызметінің нәтижелері туралы есеп берді. Қазір «ҚазМұнайГаздың» капиталы 22 триллион теңгеге жеткен. Инвестициялық жобалардың жалпы құны 17 триллион теңгеге жуықтаған. Геологиялық барлау аясында 23 жоба жүзеге асырылады. Президент инвестициялық жобаларды жүйелі іске асыруды тапсырды.

Асхат Хасенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Күнделікті мұнай деңгейін үнемі ұлғайту бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмаларды берді. Бұдан басқа мұнай өңдеу зауыттарында біз үнемі жанар-жағармай шығару деңгейін ұлғайтып жатырмыз. 2026 жылдың қорытындысы бойынша бензин және дизель екі отын бойынша біз 800 мың тонна мұнай өңдеуді және жанар-жағармай шығаруды ұлғайтамыз.

Бөлісу