Ақтөбеде алғаш рет миға күрделі операция жасады
Ақтөбелік дәрігерлер алғаш рет миға күрделі операция жасады. Бұл отаның ерекшелігі – науқастың бас сүйегі кесілмей, қантамырлар арқылы арнайы спиральдар жіберіледі.
Эпилепсиямен ауыратындарда дәрі дозасы көбейіп кеткен жағдайда, препараттардың әсері төмендейді. «Кезбе жүйке нейростимуляторын имплантациялау» деп аталатын әдіс осындай жандардың денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Осы себеппен миына операция жасалған науқастың жасы 55-те. Ол 26 жыл бұрын басынан жарақат алып, созылмалы ауруға шалдыққан. Күрделі отаны жергілікті мамандар мен ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жасады. Олар екі күн ішінде тағы 8 науқасқа ем-дом жасауды жоспарлап отыр.
Руслан Қажығалиев, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:
Еш кесусіз, бас сүйегін кесусіз жасалатын операциялар. Пах деңгейіндегі тамырды тесіп, пункция жасап, сол арқылы арнайы кататерларды кіргізіп, ми қантамырлары ішіндегі анивризманы және артерия винозды марвормация ішін арнайы құрылғымен яғни, спиральдармен жауып тастау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы