Басты Жаңалықтар Депутаттар энергия үнемдеу туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

Депутаттар энергия үнемдеу туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

11 млрд теңге. Мектеп, аурухана, өзге де мемлекеттік мекемелердің электр энергиясына, жылуға, су, газға жұмсайтын шығынын осынша миллиардқа үнемдеуге болады. Мамандардың есебі осындай. Бұл мәселе «Әділет» партиясының алаңында талқыланды. Депутаттар энергия үнемдеуге қатысты заң жобаларына өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Жоспар бойынша, 5 мыңнан астам әлеуметтік нысанда энергия тұтыну бақылауға алынып, мектептер мен ауруханалардың жылу және электр жүйелері жаңғыртылады. Бұл жұмыс «Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатыр. Құжатта барлық салада ресурстарды «жаппай үнемдеу» қағидатын орнықтыру көзделген. Атап айтқанда, су ресурстарын үнемдеу, 2030 жылға қарай тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендетіп, 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңғырту жоспарлануда.

Бекжан Әлімқұлов, Құрылтай депутаты:

«Әділет» партиясының алаңында энергия тиімділігін арттыру, үнемдеу мәселелер жөніндегі заңнамалық өзгерістер талқылауы өтті. Талқыланған әрбір мәселе жауапсыз қалмай, ол біздің заңнамаға кіріп, еліміздің энергия тиімділігін арттыру, үнемдеу саясатын дамытуға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.

Бөлісу