Мыс өндіру екі есе артады
Елде алдағы үш жылда мыс өндірісі екі есе артады. Бұл туралы Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты. Ірі металлургиялық кәсіпорындар бірінші кезекте отандық компанияларды шикізітпен қамтамасыз етуі тиіс. Мысты ғана емес, алюминий, цинкте де нарықтағы бағадан 5 пайыз арзан береді. Қазірдің өзінде бұл бағытта 30 келісім-шарт жасалған. Соның арқасында Алматыда, Шымкентте және Жетісуда жаңа зауыттар іске қосылып, сәтті жұмыс істеп жатыр. Енді осы қарқыннан таймай, жаңа жобаларды көбейте түсеміз, дейді министр.
Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
2029 жылдың соңына қарай елімізде мыс, алюминий және мырыш өңдеу көлемін екі есеге, ал қорғасын өңдеу көлемін пайызға арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы