Мемлекеттің даму стратегиясын дайындайтын сарапшы топ бекітілді
Президент Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті. Енді Қазақстанда алғаш рет стратегиялық құжаттар барынша ашық әзірленеді. Жұмыс тобының құрамы да алғаш рет жарияланды. Топқа Вице-Президент Ерлан Карин жетекшілік етеді. Ал оның орынбасарлары болып Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев тағайындалды. Ал хатшысы болып Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов бекітілді. Жалпы құрамға мемлекеттік орган өкілдерімен қатар, Құрылтай депутаттары, ғалымдар, кәсіпкерлер мен тәуелсіз сарапшылар енген. Сарапшылар елдің ұзақмерзімді даму бағдарын, тұжырымдамалық басымдықтарын және жаңа тарихи кезеңдегі орнын айқындайды. Топ отырыстары кемінде айына бір рет өткізіліп, мемлекеттік органдар, ғылыми және сарапшылық қауымдастық, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері қатыса алады. Бұл – елдің егемендігін нығайтуға, тұрақты дамуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі стратегиялық жоспарлаудың маңызды қадамы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы