Басты Жаңалықтар Студент өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Студент өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бірінші курс студенті көз жұмған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде кешенді тексеру жүргізіледі. Мұны Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Осы оқиғадан соң, күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Университеттің проректоры мен география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы жұмыстан босатылды. Сол күні жатақханада кезекшілік атқарған 2 қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Студенттер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу орнына мониторинг тобы жіберіледі. Мамандар қауіпсіздік талаптарының сақталуын, студенттермен жүргізілетін тәрбие және психологиялық жұмыстардың тиімділігін бағалайды. Олар қаладағы студенттер жатақханаларын аралап, жастармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Тексеру кезінде студенттер арасындағы жанжалдардың алдын алу, олардың өтініштеріне уақытылы жауап беру және психологиялық көмек көрсету жұмыстары бағаланады. Мониторинг қорытындысы бойынша жастардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірленеді.

Бөлісу