Азаматтық кодекстің жаңа нұсқасы заман талабына сай жазылуы керек
Азаматтық Кодекстің жаңа нұсқасы заман талабына сай жазылуы керек. Заңнама және құқықтық ақпарат институты өкілінің айтуынша, құқықтық актіні әзірлеу барысында шетелдің озық тәжірибесі ескерілгені жөн.
Арман Батырханов, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми қызметкері:
Жалпы Азаматтық Кодекс және азаматтық құқықтық қатынастарды алатын болсақ, ол Қазақстан республикасының әрбір азаматының күнделікті тұрмысында, өмірінде кездеседі. Бәлкім, біз мүмкін ұмытып кетеміз. Бірақ та осы қоғамдық қатынастарды заманға сай және бүгінгі нарықтық экономиканың талабына сәйкес, реттеу менің де сіздің де және Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін өмірінде ірі орын алатын жаңа құбылыс.
Лингвистер жаңа Азаматтық кодекстің әрбір бабы қазақ және орыс тілдерінде қатар жазылуы тиіс, дейді. Ол үшін екі топ құрылып, құжатты бірлесіп әзірлеуді ұсынып отыр. Жұмыс басталғанға дейін терминолог-лингвистер бірыңғай глоссарийдің бекітеді. Кодекс сол ұғымдық сөздік негізінде жазылады, бөгде сөздерді қосуға тыйым салынады. Бастысы, құжат барлық адам үшін ұғынықты болуы шарт.
Елужан Серімов, Лингвистика және құқықтық терминология орталығының басшысы:
Экранда жүргізілуі тиіс әрбір баптың талқылауы. Екі топтық басшылары келісілді, деп қол қойса, сол бап қабылданды деп есептеледі. Келесі бір қадам Азаматтық Кодекстің белгілі бір жобасының белгілі бір бөлгі кәсіпкер немесе студент оқуы тиіс. Егер де сол бап ұғынықты болатын болса, түсініп тұратын болса құқықтық міндеттерін ол бап, бөлік қабылданды, деп есептеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы