Басты Жаңалықтар Ірі банктерде техникалық ақау тіркелді

Ірі банктерде техникалық ақау тіркелді

АҚШ-тағы 5 ірі банктің мыңдаған клиенті, ақша аудара алмай, тіпті картамен төлем жасай алмай қиындықтарға тап болды. Клиенттер банк қосымшалары ашылмайтынын хабарлаған. Джей-Пи Морган Чейс өкілдері жүйедегі олқылыққа кибершабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеп, оған техникалық ақау себеп болды деп отыр. Оны ішкі жабдықтар жүйесіндегі бағдарламалық қатемен түсіндірді. Банк өкілі Джо Эванджелистидің айтуынша, мәселе кейбір операциялардың орындалуын баяулатқан. Chase қатысқан банкаралық аударымдардағы кідірісті өзге қаржы ұйымдарының клиенттері де сезінген. Еске салсақ, өткен аптада дәл осы АҚШ-та авиадиспетчерлердің байланыс жүйесіндегі үзіліс салдарынан ұшақтар төрт сағат бойы әуеге көтеріле алмай қалған еді. Ақау ел бойынша әуежайларға әсер етіп, ұшу кестесіне айтарлықтай кедергі келтірген болатын.

Бөлісу