Басты Жаңалықтар Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты

Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты

Биыл шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін түбегейлі жаңартты. 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда дауыс беруге қатысушылардың 87 пайыздан астамы негізгі заңның жаңа редакциясын қолдаған. Ата заң 11 бөлім мен 96 баптан тұрады. Құжатта адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылығы ретінде бекітілді. Еңбек ету құқығы, отбасы институты, экологиялық жауапкершілік пен дербес деректерді қорғау мәселелері де қамтылды. Конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін де жаңартты. Бірпалаталы, 145 депутаттан тұратын Құрылтай құрылып, Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі мен өкілеттіктері айқындалды. 

Бөлісу