Орта бизнеске арналған жеке даму жоспары әзірленеді
Үкімет басшысы Ұлттық экономика министріне 2 апта ішінде орта бизнесті дамыту және қолдау үшін арнайы жоспар әзірлеуді тапсырды. Жоспарда бизнесті ұзақ мерзімге қаржыландыру, технологиялық жаңғырту және әкімшілік қысымды азайту шаралары қарастырылады. Сондай ақ микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мәселесі талқыланбақ. Азамат Әмриннің сөзінше, цифрлық экономиканы дамыту аясында кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары маркетплейстер, банктер және логистикалық қызметтер сияқты сервистердің мүмкіндіктерімен ұштастырылады.
Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі:
Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге және профилактикалық бақылауға үш жылдық мораторий енгізу мәселесі қаралады. Халықтық цифрлық экономиканы құру шеңберінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары маркетплейстерді, банктерді және логистиканы қоса алғанда, цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен біріктірілетін болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы