Басты Жаңалықтар Алматыда 5 пайыздық ипотекамен 594 пәтер беріледі

Алматыда 5 пайыздық ипотекамен 594 пәтер беріледі

Алматыда 5 пайыздық жеңілдетілген ипотекамен 600-ге жуық пәтер беріледі. Өтінім 22 қазаннан бастап қабылданады. Бағдарлама аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлер Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешенінен беріледі. Бір шаршы метрдің бағасы – 359 мың теңге. Тұрғын үйлердің ауданы 35-тен 79 шаршы метрге дейін. Бағдарламаға қатысу үшін азаматтар баспанаға мұқтаждар кезегінде тұруы қажет. Сонымен қатар «Отбасы банкте» жинақ шоты болуы және несие сомасының кемінде 10 пайызы көлемінде бастапқы жинағы болуы міндетті. Пәтерлердің 70 пайызы басым санаттағы азаматтарға, ал 20 пайызы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға бөлінеді. Қатысушыларды іріктеу 3 қарашада аяқталады.

Кәмшат Оңалбаева, «Отбасы банк» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары:

Бұл үйлер таза әрлеуде беріледі. Өтінім беру ең басты басымдылығы кезекте тұрған күніне байланысты болады. Біз іріктеу кезінде кезекке ең бірінші кім тұрды, сол жылына байланысты іріктейміз.

Бөлісу