Трамптың рейтингі құлдырады
АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі
рекордтық төменгі деңгейге түсті. The Washington Post,
ABC News пен Ipsos жүргізген сауалнамаға сай Ақ үй басшысын халықтың қолдау
деңгейі 33 пайызға дейін төмендеген. Сауалнамаға қатысқандар президенттің
саясатына, елдің жалпы даму бағытына, экономикалық жағдайға көңілі толмайтынын
мәлімдеп отыр. Ал респонденттердің жартысына жуығы Трамп Ақ үйге оралғаннан
кейін қаржылық жағдай нашарлап кеткенін айтады. АҚШ президентінің рейтингінің
төмендеуіне Иранмен соғыстың салдары, отынның қымбаттауы ықпал еткен болуы
мүмкін. Америкалықтардың 65 пайызы бұл қарулы қақтығыстың басталуын
Вашингтонның қате шешімі деп есептейді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25