Басты Жаңалықтар Астанада LRT желісі тағы ұзартылады

Астанада LRT желісі тағы ұзартылады

Астанада LRT желісі тағы ұзартылады. Қосшы қаласы, Жағалау шағынауданы және «Астана-1» теміржол вокзалы бағыттары ашылмақ. Қазір 294 тірек орнатылған. Бұл - жоспардың 97%-ы. Барлығы үш станция салынады. Ал жағалау шағынауданына қарай 8 станция ашу көзделген. «Геологиялық зерттеу жұмыстары аяқталды. Енді қоршаулар орнатылып, инженерлік желілерді көшіру және қайта орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді әкімдік. Айта кетсек,  «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар саны 11 жарым миллионға жуықтады.

Бөлісу