Басты Жаңалықтар Жетім балаларға арналған пәтерлерді жалған құжатпен иемденбек болғандар ұсталды

Жетім балаларға арналған пәтерлерді жалған құжатпен иемденбек болғандар ұсталды

Астанада жетім балалар мен әлеуметтік осал топтарға арнап салынған пәтерлерді жалған құжатпен иемденбек болғандар ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, «Төленді» кооперативінің бұрынғы басшысы Айдын Байжұманов 2016 жылы 10 миллиард теңге жымқыру схемасын құрғаны үшін 8 жылға сотталған. Бостандыққа шыққан соң ол сыбайластарымен бірге 170 жылжымайтын мүлікті заңсыз рәсімдеп, сатуды көздеген. 80-нен астам үлескердің қатысы бар іске полиция қызметкерлері де күдікті ретінде анықталды. Құны 4,4 миллиард теңгеден асатын пәтерлердің заңсыз сатылуына тосқауыл қойылып, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және дәлелдемелерді бұрмалау деректері бойынша тексеріс басталды.

Бөлісу