Түркі ғалымдары Алтын Орда мен Жошы Ұлысын бірге зерттейді
Дала өркениетін, Алтын Орда мен Жошы Ұлысын Түркі әлемінің ғалымдары бірлесіп зерттейді. Бұл туралы Алматыда өткен Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағының Бас ассамблеясының тоғызыншы отырысында айтылды. Жиында консорциумға қол қойылды. Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы көтерген бұл бастама қатысушы елдердің қолжазба қорларын, ғылыми мектептері мен зерттеу инфрақұрылымын біріктіруге бағытталған. Консорциум аясында тарихи деректерді зерттеу, бірлескен археологиялық экспедициялар ұйымдастыру, ортақ цифрлық платформа қалыптастыру және академиялық басылымдар дайындау бойынша нақты жобалар қарастырылған. Сонымен қатар жиында 2027-2031 жылдарға арналған ортақ жол картасы ұсынылды. Құжатта академиялар тарапынан үйлестірушілерді белгілеу, жыл сайынғы нақты міндеттерді келісу және нәтижелерді Бас ассамблеяда бағалау көзделген.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР ҰҒА президенті:
Жас ғалымдарды үлкен зерттеулерге тарту. Содан кейін жаңа оқулықтарды шығару. Өйткені көп мәселе әлі көтерілген жоқ. Соны жастарға әкелуіміз керек. Жоғару оқу орындарының оқу құралдарын жаңартуымыз керек. Осылай шешім қабылдадық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы