«Кітап оқитын ұлт» жобасында БҚО студенттері белсенді
«Кітап оқитын ұлт» жобасына Оралдағы Махамбет университетінің студент жастары да белсене қатысып жатыр.
Марафон аясында Студенттер үйінде «Оқуға құштар университет» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мұны жобаның бір айлығына арналған аралық есеп беру басқосуы деугеде болады. Оқу залындағы көрмеде жеті бағыт бойынша оқуға ұсынылған шығармалар қойылған. Шарада жобаның маңызы, кітаптардың мазмұны, авторлары мен тақырыптық ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ зияткер жастар жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын талқылады. Қазір республикалық марафонға білім ордасының екі мыңнан астам студенті қатысып жатыр. «Оқуға құштар университет» бастамасы кітап оқу дәстүрін нығайтуға, студенттердің рухани дамуына үлес қосуға бағытталған.
Ұлболсын Орынғали, студент:
Қазір Ли Куан Юдің «Үшінші әлемнен біріншіге» атты кітабын оқып жатырмын. Оған дейін Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме», Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» шығармаларын оқып шықтым.
Қанат Әуесбай, М.Өтемісов атындағы БҚУ проректоры:
«Кітап оқитын университет» бағыты бойынша 2750 кітап оқылса, соның 750-ін Махамбет университетінің студент жастары оқыған екен. Біздің университетіміз марафонға білек сыбана кірісіп, жастарымыз кітап оқып жатыр. Ең бастысы - судыратып оқып шықпай, көңілге тоқып оқу керек. Жан-тәніңмен беріліп оқу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы