200 адам жәрдемақы алудан өз еркімен бас тартты
Биыл 200 азамат жәрдемақы алудан өз еркімен бас тартты. Олар мемлекеттік органдарға барып, әлеуметтік жағдайының түзелгенін, енді төлем қажет емес екенін айтқан. Алдағы уақытта мұны үйден шықпай-ақ онлайн жүзеге асыруға болады. Жуырда еGov Mobile қосымшасында әлеуметтік көмекке мұқтаж емес азаматтарға арналған сервис іске қосылады. Бұл туралы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Былтыр 480 мыңнан астам отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарған. Жыл басынан бері тағы 465 мыңға жуығы «әл-ауқаты жоғары отбасы» санатына ауыстырылған.
Ерасыл Жұманбаев, «Еңбек орталығын дамыту орталығы» АҚ басшысы:
Бізде қазіргі таңда жалпы жергілікті атқарушы органдардың барлық қызметі бірыңғай цифрлық жүйеге енгізілді. Жалпы, азаматтар өтініш берген жағдайда азамат үйін зерделеген болса, қазір қосымша жасанды интеллект талқылайды, нәтиже шығаратын жүйе болып саналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы