Еліміздің цифрлық дамуы кеңейіп келеді
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық даму мүмкіндіктеріне оң баға берді. Беделді британдық іскерлік басылым The World Financial Review еліміздің өнеркәсіп, инфрақұрылыммен қоса жаңа технологиялар мен цифрлық ортаны дамытуға ден қойғанына ерекше тоқталды. Цифрлық мемлекеттік қызметтердің кеңеюі кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың жұмысын жеңілдетті. Цифрландыру жұмыстарының нәтижесін сіз бен біз күн сайын көріп жүрміз. Қазақстан бұл салада көрші елдерден көш ілгері. Банк жүйесін айтпағанның өзінде, Халыққа қызмет көрсету мекемелері мен ахуалдық орталықтардың жұмысы жолға қойылған. Мәселен Ақтөбе облысының кез келген тұрғыны мәселесін үйінен шықпай-ақ шеше алады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Ахуалдық орталықтың жұмыс істеп тұрғанынан бес жылдан асты. Осы уақытқа дейін мұнда 333 мыңға жуық шағым түскен. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарда лезде жауап алып, мәселелерінің тез арада шешілуіне мүмкіндік алды.
Қазір еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады. Электрондық қызмет түрлерінің саны 2021 жылы 657 болса, биыл 1 333-ке жетті. Халықтың 97,5%-ы интернетке қол жеткізген. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Заманбек Жақсылық, облыстық цифрлық технологиялар басқармсасы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда жұмыстар жүріп жатыр.Жоба аясында ауылдарды талшықты опикамен қамтамасыз ету жұмысы.Бұның аясында 72 елді мекен талшықты оптикамен қамтылады, 32 елді мекен спутниктік интернметпен қамтылады. Осы жұмыстар 27 жылдың соңына дейін аяқталады.
Беделді британдық басылым аумағы үлкен, халық тығыздығы салыстырмалы түрде төмен ел үшін мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшірудің маңызды екеніне тоқталды. Бұл тек технологиялық қана емес, экономикалық жағынан да тиімді. Цифрландыру жұмысы білім беру саласында да басымдыққа ие.
Ақсәуле Байбақтина, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің информатика кафедрасының доценті:
Келелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымнан бастап білім беру саласына дейін барлық жерге қарқынды енгізілуде. «Ай сана» бағдарламасы 2024 жылдың желтоқсанында құрылғанын білесіздер.Осы қысқа уақыттың ішінде біздің университеттен 18 стартап жоспарланып, соның он төртінен АI агенттер дайындалып,өндіріске енгізіліп жатыр.
Еліміздің цифрландыру саласындағы жетістіктері өзге елдер үшін жақсы үлгіге айналды. «Үкіметтің онлайн-қызметтері» көрсеткіші бойынша Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы рейтингінде әлемде 10-ыншы орында тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы